Жедел штаб құрылып, мамандар жұмыс істеп жатыр.
Алматыда газ-ауа қоспасы жарылып, ер адам қаза болды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 маусым күні сағат 13:55 шамасында Алатау ауданы, Шапағат шағын ауданы Биянху көшесінде газ-ауа қоспасы жарылды.
"Тұрғын үйдің құрылыстарын бөлшектеу кезінде 1949 жылы туған ер адамның денесі табылды. Жедел штаб құрылып, мамандар жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда Сайран су қоймасының бойына 50 бейнебақылау камерасы орнатылды