Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздің екінші кезеңі басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркия СІМ басшысы Хакан Фиданның айтуынша, Ресей мен Украина Ыстамбулдағы келіссөздің екінші кезеңінде бітімгершілік шарттарын, сондай-ақ, тұтқындар және бейбіт тұрғындармен алмасу рәсімін талқыламақ.
Украина делегациясын қорғаныс министрі Рүстем Умеров, Ресей делегациясын Путиннің көмекшісі Владимир Мединский басқарады.
Түркиялық БАҚ мәліметінше, Ердоған Владимир Зеленскиймен және Владимир Путинмен үнемі байланыста. Ол Түркияда бейбітшілік процесін жалғастыру үшін бар күшін салып жатқаны айтылды.
Еске салайық, бұған дейінгі келіссөз Түркия президенті әкімшілігінің жұмыс кеңсесі Долмабахчеде өтті. Кездесуге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Түркия СІМ басшысы Хакан Фидан, Украина СІМ басшысы Андрей Сибига және Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак қатысты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!