What are you looking for?

Қытай: АҚШ сауда бітімін бұзды

02.06.2025

АҚШ Қытаймен сауда келісімін бұзып отыр. Ресми Бейжің америкалықтардың чип экспортын шектеу және Қытай студенттері визаларының күшін жою шешіміне көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені бұл Женевадағы келісімге қайшы келеді. Тараптар 12 мамырда Швейцарияда сауда келіссөздерін өткізген еді. Сөйтіп, қос тарап бір-біріне салған баж салығының мөлшерін азайтты. Сол кезде басқосудың нәтижелі болғаны айтылған еді. Бірақ Қытайдың соңғы мәлімдемесіне қатысты ресми Вашингтон әлі түсініктеме берген жоқ.

Social Link

Follow Me On Social Media