What are you looking for?

Полиция әуежай қызметкерін кепілге алған адамның бұған дейін автобуста жолаушыға шаубыл жасаған кісі екенін растады

07.03.2025

Алматы полициясы бүгін Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамның бұған дейін қоғамдық көлікте жолаушыға шабуыл жасаған кісі екенін растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы қалалық полиция департаменті екі іске де бір адамның қатысы бар екенін растайды.

Бұрын хабарланғандай, қоғамдық көліктегі оқиғадан кейін Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот тергеу барысында бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу шарасын таңдады.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен", — делінген полиция түсіндірмесінде.

Social Link

Follow Me On Social Media