Үкімет отырысы барысында премьер-министр Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімінің жасалуына назар аударды. База мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру арқылы цифрлық шешімдер негізінде құрылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр отандық адал өндірушілер тізілімге автоматты түрде қосылатынын атап өтті. Өз кезегінде «жалған өндірушілер» бұл тізілімге ене алмайды.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда суицид саны азайды ма?
- Қайтарылған актив: Қостанай облысында су құбырына 5,4 млрд теңге бөлінді
Жаңадан өтініш берушілер қарапайым өтініштің және автоматты цифрлық тексеру негізінде ешқандай бюрократиясыз қосыла алады. Сарапшыларды шақыру мен басы артық тексерулерден өтудің және көп қағаз толтырудың қажеті болмайды. Барлығы цифрлық режимде, адамның қатысуынсыз жүргізіледі. Осыны баса айтқым келеді. Бұл сапалы бақылауды қамтамасыз етіп, міндетін адал атқармайтын тауар өндірушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тізілім нақты отандық өндірушіні анықтау тетігіне айналады, — деп атап өтті Олжас Бектенов.