What are you looking for?

"Адамдарды ұрлап, бизнесті басып алған": Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды (видео)

04.06.2025

Алматыда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері мен прокуратура өкілдері қылмыстық топқа қатысы бар жеке күзет мекемесінің заңсыз әрекетін әшкерелеп, жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелері шағын және орта бизнес нысандарын толық бақылауға алу мақсатында ойын-сауық орындарының басшылары мен қызметкерлеріне физикалық және моральдық қысым көрсетіп, заңсыз әрекеттер жасағаны анықталды.

Кейіннен олар кәсіпкерлік нысандарын күшпен басып алып, сол жерлерде "қауіпсіздік" қызметін жүзеге асырған. Қылмыстық топ мүшелері Алматы қаласында, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында ұсталды. Барлығы қылмыстық топтың 20 мүшесі құрықталды.

40-тан астам тінту жүргізіліп, жеті атыс қаруы тәркіленді, оның ішінде үш кесілген мылтық, Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және 100-ден астам оқ-дәрі алынды", — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бұзақылық, бопсалау, адам ұрлау, өз бетінше билік жүргізу және денсаулыққа зиян келтіру фактілері бойынша қылмыстық істер тергелуде. Топтың жетекшісі мен қатысушыларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фигуранттардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Social Link

Follow Me On Social Media