Оңтүстік Кореядағы кезектен тыс президент сайлауында "Тобуро "оппозициялық либералды Демократиялық партиясының кандидаты Ли Чжэ Мен жеңіске жетті. Бұл туралы DW сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның Ұлттық сайлау комиссиясына сілтеме жасап жазуынша, барлық сайлау бюллетенін (96,74 пайыз) санау нәтижесі бойынша, сайлаушылардың 49,2 пайызы Лидің кандидатурасына дауыс берген.
Оның басты қарсыласы, "Халық күші" консервативті партиясының атынан сайлауға түскен Ким Мун Су 41,4 пайыз дауысқа ие болған және ол сайлауда жеңілгенін мойындаған.
Ким Мун Су журналистердің алдында халықтың таңдауын құрметтейтінін айтып, Ли Чжэ Менді сайлаудағы жеңісімен құттықтаған.
Басылым Ұлттық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін растағаннан кейін Ли Чжэ Мен президенттік қызметіне кірісетінін атап өтті.
Айта кетейік, 60 жастағы Ли Чжэ Мен саясатқа араласқанға дейін адвокат болып қызмет еткен. Кейін Соннам қаласының мэрі және парламент мүшесі болған.
Сондай-ақ Ли Чжэ Мен бұған дейін де президенттікке үміткер болғанын айта кетейік, яғни, 2022 жылғы президенттік сайлауға түсіп, Юн Сок Ельден аздаған айырмашылықпен жеңіліп қалған еді.