What are you looking for?

Елімізде биыл 257 жаңа мектеп ашылды

04.06.2025

Былтыр қыркүйекте 352 мың балғын мектеп табалдырығын аттаса, биыл 217 мың жас түлек алтын ұясымен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақты , деп хабарлайды 24kz.

Бұл жыл санап мектептегі оқушы саны артып келе жатқанын көрсетеді. Сол себепті кейінгі жылдары елде мектеп құрылысы қарқын алды. Ал биылғы құрылыс көлемі рекордтық межеге жетті. Ел көлемінде 257 жаңа мектеп ашылды. Мұның ішінде 105 «Келешек мектебінің» құрылысы аяқталды. Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» негізінен халық тығыз қоныстанған өңірлерде жүзеге асып отыр. Яғни оңтүстік өңірлер мен мегаполистерде құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Жалпы, жоба аясында 217 заманауи білім ұясын тұрғызу жоспарланған. Жыл соңына дейін 112 мектеп есігін айқара ашады.

Жайық Мақсұтов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы:

- Негізі бұл әкімдіктің ұсыныстарына сәйкес талдау жүргізілді. Яғни, осы оқушы орны тапшы ең басты өңірлер іріктелді. Осы біздің ең басты республикалық маңызы бар, 3 қала – Шымкент, Алматы және Астана қалаларында. Сонымен қатар, Түркістан, Алматы облысы сияқты үлкен облыстар. Осы өңірлерде негізгі барлық мектептің 50 пайызға жуығы салынып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media