What are you looking for?

Парижде Қазақстандағы ядролық сынақтардың зардабы туралы фильм көрсетілді

04.06.2025

Парижде Семей полигонында ядролық жарылыстан зардап шеккен әйелдер туралы деректі фильм көрсетілді, деп хабарлайды 24kz.

Туындының авторы – қазақстандық Әйгерім Сейтенова. Фильмнің премьерасын ұйымдастыруға Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық компанияның Франциядағы бюросы қолдау көрсеткен. Туынды полигон маңында тіршілік еткен бір әулеттің қайғылы оқиғасын баяндайды. Жақындарынан айырылып, бір балаға зар болып өткен отбасының жанайқайы бейнеленген. Фильм ядролық қарудың қаупі мен оның қасіретін халыққа түсіндіруді көздейді. Автор туындыны Еуропаның өзге де елдерінде көрсетуді жоспарлап отыр.

Әйгерім Сейтенова, фильм авторы:

- Мен осы фильмім арқылы ядролық қарудың кесірінен ондаған жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтың жан жарасын көрсеткім келді. Радиация көзге көрінбегенмен, зияны орасан зор. Жер Ананы улап, адамзат оның ұзақ уақыт зардабын тартады.

Мереана Реид Арбело, Франция Ұлттық ассамблеясының депутаты:

- Ең маңыздысы сол қасіретті бастан кешкен халықтың жанайқайын басқа елдерге де көрсетіп жеткізу. Бұл сынақтардан адамдардың қалай жапа шеккенін және оның салдарының қаншалықты ауыр екенін түсіндіру. Бұл тақырыпты үнемі көтеру қажет.

Жан-Мари Коллен, Ядролық қаруды жою халықаралық қозғалысының филиал директоры:

- Бұл қарудың өте қауіпті екенін ашып көрсету маңызды. Семейдегі сынақтардың салдарын көру арқылы біз Полинезия мен Алжирдегі оқиғаларды ұғына аламыз. Ядролық қаруды қасақана немесе абайсызда қолдану адамзат баласын апатқа ұшырататыны сөзсіз.

Social Link

Follow Me On Social Media