Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында жеке үй өртеніп, бес бала қайтыс болды. Оқиға түстен кейінгі сағат үштерде Жымпиты ауылында болған. Жер үйдің 30 шаршы метр ауданында өрт шығып, жиһаз бен тұрмыстық бұйымдар өртенген. Құтқарушылар 5 минут ішінде жетіп, үйден ес-түссіз жатқан бес баланы алып шықты. Олар ыстан улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. 2019, 2020, 2021, 2022, 2023-жылы туған ұл балалар. Өкінішке орай, олар ауруханада қайтыс болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 20 минутта оқшауланып, сөндірілді. Полиция оқиғаға орай қылмыстық іс қозғады. Тергеу басталды. Қайғылы жағдайға орай облыс әкімі әлеуметтік желіде қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтты. Барлық көмек көрсетілетінін жеткізді.
Ардақ Мұратқызы