АҚШ президенті Дональд Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салатын жарлыққа қол қойды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
"Сыртқы саясатты, ұлттық қауіпсіздікті және АҚШ-тың терроризмге қарсы күрес мақсатын ескере отырып, мына 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салуды және шектеу енгізуді ұйғардым: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен", – деп жазылған құжатта.
Жарлықта бұл шектеулер АҚШ-қа иммиграциялық және бейиммиграциялық визалар бойынша келетін шетелдіктерге қатысты екені нақтыланған.
Сондай-ақ, Трамп жеті елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге ішінара шектеу қойды.
"Оған қоса жеті елдің азаматтарына ішінара тыйым салуды және шектеу енгізуді ұйғардым: Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла", – деп жазылған құжатта.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!