What are you looking for?

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

05.06.2025

Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды.

Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті оны 16,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы төраға Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Айтуынша, шешімге экономикалық өсім мен инфляцияның жаңартылған болжамдары әсер еткен. Сондай-ақ сыртқы және ішкі жағдайлар мен тәуекелдер де ескерілді, деді Ұлттық банк басшысы.

Тимур Сүлейменов, ҚР ҰБ Төрағасы:

- Сұраныс ұсыныстан артып отыр. Тұтынушылық несиелеудің әлі де жоғары болуы инфляцияны қосымша күшейтуде. Сыртқы экономикалық конъюнктура құбылмалы. Әлемдік азық-түлік бағасы өсіп, мұнай бағасы төмендеді. Ал Ресейде жоғары инфляция сақталып отыр. Осындай жағдайда тәуекелдер балансы проинфляциялық жақта қалды.

Social Link

Follow Me On Social Media