What are you looking for?

Соңғы 10 жылда әйелдер саны 15%-ке өскен

07.03.2025

Елде 10 млн 390 мыңға жуық әйел бар. Яғни халықтың 51 пайызын нәзік жандылар құрайды.

Әйелдердің жартысынан көбі қалада, қалғаны ауылдық жерлерде тұрады. Ең көп қыз-келіншек — Алматыныкі екен, Түркістан мен Астана аруларының да үлесі басым. 3,3 млн 18 жасқа толмаған қыздар бар, 18-60 жас аралығындағылардың саны 5,3 млн, ал 1,7 млн әйелдің жасы 60 жастан асқан. Елде 4,4 млн әйел түрлі салада жұмыс істеп жүр. Олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді.

Елде 10 381 377 әйел бар:

64,4% қалада

35,6% ауылдық жерлерде

Әйелдердің көбі:

Алматыда 1,2 млн әйел

Түркістан облысында 1 млн әйел

Астанада 803 мың әйел

Жас құрамы бойынша:

3,3 млн 18 жасқа дейінгі

5,3 млн 18-60 жас аралығындағылар

1,7 млн 60 жастан асқандар

Social Link

Follow Me On Social Media