What are you looking for?

Орталық Азияның экологиялық проблемалары Қазақстанда шешіледі

05.06.2025

Алматыда Экология және тұрақты даму мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің бірінші отырысы өтеді.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Өзбекстанның қоғам қайраткерлері, экология және тұрақты даму саласындағы жергілікті ұйымдардың өкілдері қатысады.

Кеңес отырысы Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER) негізінде өтеді.

Кеңес жұмысының негізгі бағыттары мемлекеттік органдар мен бизнес қоғамдастығына Орталық Азиядағы экологиялық қауіпсіздік саласындағы ұсыныстарды қалыптастыру болмақ.

экологтар
Фото: Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты

Консультативтік кеңестің құрамында эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER) негізін қалаушы, БҰҰ ЖШ "ОД Пионері 2024" байқауының жеңімпазы Әсел Тасмағамбетова, Түрікменстандағы Орталық Азия Өңірлік экологиялық орталығының Жоба офисінің директоры Мерген Кепбанов, "Эко Деми" қорының негізін қалаушы, Қырғызстандағы Норвегия корольдігінің Құрметті консулы, Дүниежүзілік Тазалық Күнінің Елшісі Айжан Чыныбаева, техника ғылымдарының кандидаты, ТКМИ Экология кафедрасының меңгерушісі Далержон Ходжибаев (Тәжікстан), ХАҚҚ Жобаларын іске асыру агенттігінің басшысы Вадим Соколов (Өзбекстан), Дүниежүзілік банктің Ақпараттық жүйелер және су ресурстарын есепке алу жөніндегі кеңесшісі Бахром Узаков, Қазақстандағы Орталық Азия Аймақтық Экологиялық орталығының жобалық офисінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген экологы Ерлан Жұмабаев, Өзбекстандағы Caritas Switzerland ел консорциумының өкілі/Аға техникалық кеңесшісі Ойтуре Анарбеков бар.

Экология және орнықты даму мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің сарапшылары биоалуантүрлілікті сақтау, қалдықтарды қайта өңдеу және су ресурстарын ұтымды пайдалану жағынан мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығына мақсатты бағдарламалар әзірлеумен айналысатын болады.

экологтар
Фото: Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты

"Экология және орнықты даму мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің құрылуы – Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан көп жылдық ғылыми-зерттеу және ағарту жұмысының қисынды жалғасы. Жаһандық жылыну, қоршаған ортаның ластануы, сондай-ақ табиғи және су ресурстарының ұтымсыз пайдаланылуы – Орталық Азияның барлық елдерінің назар аударуын және бірлескен жұмыс жасауын қажет ететін проблемалар. Консультативтік кеңес құрамына экологиялық проблемаларды шешуде үлкен тәжірибесі бар сарапшылар кірді. Осылайша, өңірлік әріптестердің білімін ескере отырып, экология проблемаларын айқындап, шешу жолдарын ұсына аламыз", — деп үміт білдірді эколог, БҰҰ Орталық Азиядағы Жаһандық шартының Консультативтік комитетінің 2025 жылдағы төрайымы Әсел Тасмағамбетова.

Болашақта Консультативтік кеңестің құрамы кеңейтіліп, оған сондай-ақ барлық Каспий маңы мемлекеттерінің өкілдері кіреді.

Қатысушы елдердің экологтар қоғамдастығының өкілдері Консультативтік кеңестің Төрағасы лауазымына сайлана алады деп ұйғарылып отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media