What are you looking for?

42 градус ыстық: Құрбан айттың бірінші күні кей өңірде аптап ыстық болады

05.06.2025

6 маусымда Қазақстанның 16 облысында күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35 градус қатты ыстық болады, жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 18 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 6 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда 6 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.

Күндіз Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 6 маусымда таңертең найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-18 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 42 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 6 маусымда солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды. Қостанайда таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Social Link

Follow Me On Social Media