Алматыда құтқарушылар тауда адасқан жасөспірімдерге көмектесті. Медеу ауданындағы Көкжайлау шатқалында (2200 м) серуендеп жүрген 17 жастағы үш жасөспірім жаңбырдың салдарынан таудан түсу кезінде бағыттан адасып , көмекке жүгінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.
"Бүгін Медеу ауданындағы Көкжайлау шатқалында (2200 м) серуендеп жүрген 17 жастағы үш жасөспірім жаңбырдың салдарынан таудан түсу кезінде бағыттан адасып, 112- ге көмекке жүгінді.
Геолокация деректері бойынша оқиға орнына дереу аттанған ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары жаяу іздеу жұмыстарын бастап, көп ұзамай жоғалғандарды тапты.
Медициналық көмек қажет болмағанымен, кәсіби әрі жедел әрекеттердің арқасында жасөспірімдер қауіпсіз түрде төменге жеткізілді", — делінген хабарламада.