What are you looking for?

"Тәңір маған тағы бір ғұмыр берді": Лидия Кәденованың ұлы сүйінші жаңалығын бөлісті

09.06.2025

Актриса Лидия Кәденованың ұлы, елімізге танымал жүргізуші, шоумен Дидар Кәден екінші некесінен тағы бір сәби сүйді. Сүйінші жаңалығын шоумен Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дидар Кәден жұбайының дүниеге сәби әкелгенін өлең шумағымен жеткізді.

"Сүйінші!

Биіктен көрінгендей бүгін белгі, Бір шаттық кернеп жатыр шын іргемді. Өмірді тағы бір рет ұғындырып, Тәңір маған тағы бір ғұмыр берді. Шыр-пыр боп, той тойлатып жүргенімде Шыр етіп дүниеге ұлым келді", — деп жазды ол желідегі парақшасында жұбайымен түскен суретін жариялап.

Social Link

Follow Me On Social Media