Алматыда автобус 5 жеңіл автокөлікті соққан. Салдарынан жасөспірім жарақат алып, ауруханаға түскен. Науқастың жасы он екіде. Оған мамандар «жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы» диагнозын қойды. Жол апатынан зардап шеккен қалған төрт жолаушының жағдайы тұрақты, амбулаториялық ем қабылдап жатыр, — дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы. Ал полиция Департаментінің мәліметінше, қоғамдық көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Қатты екпінмен еліп, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған бес жеңіл көлікке соқтығысқан. Полицейлер қазір оқиғаның мән-жайын анықтап, тексеріс жүргізіп жатыр.
Айдана Қуантхан