What are you looking for?

ТүркПА басшылары Ұлттық ғарыш орталығына барды

12.06.2025

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының делегация басшылары Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығына барды. Сала министрі Жаслан Мәдиев пен Орталық басшысы әр елдің парламент спикерлеріне ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысын көрсетіп, Қазақстандағы аэроғарыш саласының болашағы туралы айтып берді.

Сонымен бірге, британдық компаниямен бірлесіп жасалған KazSTSat ғылыми жер серігінің макеті көрсетілді. Мұндай типтегі алғашқы жер серігі 2018 жылы ұшырылған болатын. Қазір 5 жер серігінен тұратын топтаманы құрастырылып жатыр. Бұдан бөлек, қонақтар OTS-Sat наносанатты ғылыми ғарыш аппаратының жасалуына қатысты әзірлемелерді көрді. Бұл Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің бірлескен жобасы. Айта кетейік, бүгін елордада Парламенттік дипломатия рөліне арналған XIV жалпы отырысы өтеді. Жиында ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы бірқатар бағытта өзара іс-әрекетті дамыту мәселелері қарастырылады.

Асылбек Данияр

Social Link

Follow Me On Social Media