Астанада бейсенбі , 12 маусымда жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісіндегі astananews_kz парақшасында жарияланды.
Жазбада жол апатынан екі адамның зардап шеккені айтылған.
Астана полиция департаментінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне түсінік берді.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota көлігінің жүргізушісі Республика даңғылының бойымен оңға бұрылып жатып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, Iveco автобусымен соқтығысқан.
"Оқиға салдарынан автобустың екі жолаушысы дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді. Тергеу жүріп жатыр", — деп хабарлады полиция департаментіндегілер.
Ведомстводағылар апатқа автобус жүргізушісінің кінәсі жоқ екенін айтты.