«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Түркістан облысының Біркөлік шатқалында жалғасын тапты.
Аталған шатқал тек Төлеби ауданы үшін емес, бүкіл өңір үшін маңызды демалыс және туризм аймағы саналады. Мұнда 300-ге жуық демалыс орны жұмыс істейді. Алайда келушілердің бейқамдығынан табиғи ландшафт ластанып, қоршаған ортаға зиян келуде. Бүгін «AMANAT» партиясының аудандық филиалының мүшелері, қоғам белсенділері мен ерікті жастар шатқал аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Табиғат жанашырлары демалушылардан қалған тұрмыстық қалдықтарды жинап, табиғи аймақтың тазалығын қалпына келтіруге атсалысты.