What are you looking for?

Қостанай облысында 400-ге жуық көше жолы жөнделеді

13.06.2025

Биыл Қостанай облысында жүзден астам елді мекеннің көшелері жөнделеді, деп хабарлайды 24KZ. Бұл мақсатқа бюджеттен 18,5 миллиард теңге қаралған. Әсіресе жергілікті маңыздағы ауыл жолдарына басымдық беріліп отыр. Сарыкөл кентінде төрт көшенің жолын тегістеп, асфальттау жұмысы басталып кетті.

«Жері лайсаң, жаңбыр жауса, ми батпаққа айналатын мынау көшемен жүру бұрын мүмкін емес еді», – дейді Сарыкөл тұрғындары. «Былтыр осы көшеге асфальт төселіп, көзіміз ашылды», – деп отыр.

Нағашыбай Ыбырай, Сарыкөл кентінің тұрғыны:

- Ауданымызда жылма-жыл жолдарымыз жөнделіп жатыр. Осы жол Пушкина деп аталады. Бұрын мұнда машина түгілі адамның өзі жүре алмайтын жол болған ғой. Осы қолдаудың арқасында күрделі жөндеуден өтіп, қазір, міне, халық осындай керемет, әдемі асфальтпен жүріп жатыр.

Биыл Сарыкөл кентінегі төрт көшені тегістеп, асфальттау жұмыстары басталды. Оған облыс бюджетінен 37 миллион теңге бөлінді. Бұл аумақта жерасты суының жақындығы, астыңғы төсенішті қалың етіп жабуды мәжбүр етеді. Осындай талап-шарттардың сақталуын техникалық қадағалау қызметкері бақылап отырады.

Тілеуқабыл Қақов, техникалық қадағалау сарапшысы:

- Негізгі сақталуы – осы әрбір қабаттың қалыңдығы. Негізін дайындаған кезде кішкене қалыңдау қылып салып жатырмыз. Кейбір жерлерде үлкен площадкалар бар. Ол жерде «скальный грунт» тіпті жарты метрге дейін салынды.

Сарыкөл кентінде барлығы 53 көше бар. Қазір соның 40% асфальтталған. Қалғанына әзірге қиыршықтас төсесек деген ойлары бар.

Сергей Горшенин, Сарыкөл кентінің әкімі:

- Біз көшелерге қиыршықтас төсеудің сметалық құжаттарын дайындадық. Ақша түссе, бірден осы жұмысқа кірісеміз. Бұл да болса айналаны ластап, батпақ тасымауға бір сеп қой. Қазіргі кезде бізде 14 көшеге қиыршықтас төсеудің жобалық-сметалық құжаты дайын.

Облыс бойынша биыл 100-ден астам елді мекеннің 400-ге жуық көше жолын жөндеу жоспарланып отыр. Одан бөлек жергілікті маңыздағы мың шақырым автокөлік жолы қалпына келтіріледі.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

Social Link

Follow Me On Social Media