Израиль Иранға әуеден тағы соққылар жасады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жолы еврей елінің күштері Иранның солтүстігіндегі зымырандық кешендері мен қару-жарақ қоймаларын нысанаға алған. Жергілікті ақпарат құралдары Боруджер мен Шираз қалаларының тұрғындары жарылыстар естігенін хабарлады. Бұдан бөлек, Тебриз шаһары да атқыланып, ондағы әуежай мен теміржол бүлінген. Израиль Сыртқы істер министрлігі Иранға соққылар жалғасатын мәлімдеп отыр.