Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс салдарынан Brent маркалы мұнай бағасы күрт өсті. Баға 6%-ға өсіп, бір баррельдің құны 73 доллардан асты. Бұл соңғы екі айдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Ал әлемдік мұнайдың 20%-ға жуығы өтетін Ормуз бұғазындағы тасымалға қауіп төніп тұр. Мамандар егер қақтығыс географиясы кеңейіп, Ормуз бұғазындағы мұнай тасымалы бұзылса, қара алтын нарығында жаңа дағдарыс кезеңі басталады деп болжап отыр.
Серік Жұмабекұлы