Астана Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапарына дайындалып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді.
Құрметті қонақтың сапарына орай Астананың басты көшелеріне екі елдің тулары ілінген.
Елордада күшейтілген қауіпсіздік шаралары енгізіліп, кейбір көшелер жабылды.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысындағы өзгерістерді ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.
Қауіпсіздік үшін және қолайсыздық туғызбау мақсатында жолдарға уақытша белгілер орнатылады.
Айта кетейік, сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.
17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші "Орталық Азия – Қытай" саммиті өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!