Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты бірқатар бағыт бойынша әуе қатынасына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды 24kz.
Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігінің үстінде, ішінде және оған жақын жерде ұшуға толық тыйым салады.
Бұл қазақстандық әуе кемелерінің барлық тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, жүк және техникалық рейстеріне қатысты қолданылады. Нұсқау алынған сәттен күшіне енеді. Әрі міндетті түрде орындалуы тиіс. Аталған аймақтағы жағдай өзгерсе, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қосымша ақпарат жібереді.