What are you looking for?

Дзюдодан Әлем чемпионаты: Мейірлан Максим жүлдесіз қалды

17.06.2025

Дзюдодан Әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін біріншіліктің 5-күні. Ерлер 90 келіге дейінгі, әйелдер 70 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатыр. Қазақстан сапынан татамиге Мейірлан Максим шықты. Жерлесіміз алғашқы белдесуінде әлемдік рейтингте 6-орында тұрған француз балуанын жықты.

Екінші айналымда Доминикан Республикасының өкілінен соңғы секундта юко ұпайымен басым түсті. Ширек финалдың жолдамасы үшін болған жекпе-жекте былтырғы Әлем чемпионы жапониялық Гоки Таджимадан жеңілді.

Асылбек Данияр

Social Link

Follow Me On Social Media