Өрт сөндіру – бұл тек мамандық емес. Бұл – ерлік пен батылдыққа негізделген өмірлік миссия. Кез келген уақытта, кез келген жағдайда адам өмірін құтқаруға дайын тұратын батыл жандардың еңбегі қоғам үшін баға жетпес маңызға ие. Ал осы жолды таңдаған курсанттар ТЖМ-ге қарасты азаматтық қорғау академиясында кәсіби даярлықтан өтеді. «Қызмет етемін» бағдарламасы бүгін болашақ құтқарушыларды даярлайтын Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы жайлы айтады.