What are you looking for?

Иран АҚШ-тан шабуыл үшін өтемақы талап етті

25.06.2025

Иран АҚШ-тың кейінгі шабуылдары үшін өтемақы талап етті. Ел билігі осы мәселеге Біріккен Ұлттар Ұйымының назарын аудартқысы келеді. Әзірге Тегеранның келтірілген шығын үшін қанша ақша сұрап отырғаны белгісіз.

Осыған дейін Reuters агенттігі: «Вашингтонда Израиль мен АҚШ шабуылдарынан Иранның ядролық нысандарына келтірілген залал туралы нақты мәліметтер жоқ», – деп хабарлаған еді. Деректерге қарағанда зақымданған ғимараттардың деңгейін бағалау өте қиын әрі бұл ұзақ уақытты талап етеді.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымға қараған түні АҚШ Ирандағы Фордо, Натанз және Исфахан сынды ядролық нысандарын бірнеше рет бомбалады.

Social Link

Follow Me On Social Media