What are you looking for?

Индонезияда Қазақстанның екі азаматы өлім жазасына кесілуі мүмкін

26.06.2025

Индонезияда Қазақстанның екі азаматына өлім жазасы қауіп төндіріп тұр.

Себебі бұған дейін біздің ел мен Индонезия арасында өзара құқықтық көмек беру туралы келісім орнатылмаған. Сол елдің құқық қорғау органдары мәліметінше, Қазақстанның екі азаматы онда есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған. Индонезия заңнамасында есірткі қылмысы үшін жазаның ең қатаң түрі қарастырылған. Қазір екі отандасымызға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Джакартадағы Қазақстан елшілігінің дипломаттары тергеу органдары мен күдіктілердің туыстарымен байланыста отыр.

Әлібек Бақаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары

Social Link

Follow Me On Social Media