Шығыс Қазақстан облысында Сібе көлдері маңындағы демалыс орнында жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Анасының айтуынша, бала серуендеп жүргенде жоғалып, бірнеше сағат бойы табылмаған.
Іздестіруге барлық кезекші құрам жұмылдырылып, көп ұзамай аға лейтенант Ерсін Сұлтанов баланы тауып алған.
Бала дін аман, денсаулығына қауіп төнбеген. Құқық қорғау қызметкері оны ата-анасына аман-есен табыстады.
Құқық қорғау органдары азаматтарға су айдындары маңында ерекше сақ болуға шақырады.
"Балаларыңыздан көз жазып қалмаңыздар, тіпті бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыздар. Қауіпсіздік сіздердің қолдарыңызда. Жаздың ыстық күндерінде демалушылар саны артатындықтан, ересектердің мұқияттылығы баланың амандығына кепіл болмақ", — делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз