What are you looking for?

Депутат Kyzdar.net сайтын бұғаттау туралы айтты

30.06.2025

Сенат депутаты әрі бұрынғы ішкі істер вице-министрі Марат Қожаевтан Қазақстанда атышулы Kyzdar.net сайтын неге әлі толық бұғатталмай жатқанын сұрады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қожаевтың айтуынша, қазіргі интернет-ресурстар бұғаттауды айналып өтуге бейімделіп алған, мысалы, доменді аздап өзгерту арқылы қайта қолжетімді бола береді.

"Менің құқық қорғау органдарындағы жеке тәжірибем (Қожаев — полицияның генерал-лейтенанты, бұрынғы ІІМ вице-министрі — еск.) бұл құбылыспен күресуге тырысатынымызды көрсетіп отыр. Бірақ қазіргі жүйелер, әсіресе интернет-ресурстар қалай ерекшеленеді? Тек IP-адресті сәл өзгертсе... Мысалы, "Kyzdar.net" дегеннен нүктені алып тастаса, бұл мүлде жаңа, бұғатталмаған ресурс болып шыға келеді. Бұғаттаудан айналып өтудің жолдары өте көп", — деді Қожаев.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденов Kyzdar.net сайты Қазақстанда бұғатталғанын мәлімдеген еді. Сайтты ұйымдастырушылар жазаға тартылған, кейбіреулеріне қатысты сот процестері әлі де жүріп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media