What are you looking for?

Теңгеге қатысты ахуал қандай? Ұлттық банк мәлімдеме жасады

01.07.2025

Ұлттық банк валюта нарығы туралы хабарлама жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маусымның қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 519,73 теңгеге дейін, яғни 1,7%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 238 млн АҚШ долларынан 235 млн АҚШ долларына дейін азайды. Жалпы сауда-саттық көлемі 4,7 млрд АҚШ доллары болады.

"Қысқа мерзімді перспективада теңге бағамының динамикасы тоқсан сайынғы салық төлемдеріне, әлемдік ахуалға және геосаяси өзгерістерге байланысты болады", — деп жазылған хабарламада.

Маусымда Ұлттық қордан 800 млн АҚШ долларына валюта сатылған.

"Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 17%-ы немесе күніне шамамен 40 млн АҚШ доллары болды", — деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк маусымда валюта интервенциясын жүргізген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media