What are you looking for?

Иран МАГАТЭ-мен қарым-қатынасын үзді

02.07.2025

Иран МАГАТЭ-мен қарым-қатынасты ресми түрде үзді, деп хабарлайды 24kz.

Ел президенті Масуд Пезешкиан тиісті жарлыққа қол қойған. Бұдан былай, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік қызметкерлеріне Иранға кіруге, уран байыту зауыттарына бейнебақылау камерасын қоюға болмайды. Тегеран АҚШ пен Израиль тарапынан шабуыл жасалмайтынына кепілдік сұрап отыр. МАГАТЭ әзірге мәлімдеме жасаған жоқ. Иран парламенті 25 маусымда агенттікпен ынтымақтастықты тоқтатқан болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media