"Ақпен бірге " жайдарман тобының мүшесі қазақтың қыздары таңдайтын жігіттер туралы айтты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Қазақтың қыздарына таң қаламын. Полиция ұстай алмай жүрген игроман, аферист, наркомандарды іздеп тауып алады. Сүйтіп оған тиіп алады. Соларды қаржылық мониторинг агенттігіне жұмысқа алу керек», — деді жайдарманшы.
Желі оқырмандары «Күйеуім жаман деп әркімге жамандап жүріп 4-5 бала туып тастай ма», «Қотыр атқа, соқыр ат. Апама Жездем сай. Ол қыздарда оңып тұрған жоқ негізі», «Шет шетінен цитата айтатын боп кетіпті бәрі», — деп пікір білдірді.