What are you looking for?

Сенаторлар елорда іргесіндегі жасыл белдеудің дамуымен танысты

04.07.2025

Елорда төңірегіндегі жасыл белдеуді өрттен қорғау үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілген, деп хабарлайды 24kz.

Бүгінде аумағы 15 мың гектарды құрайтын алқапты 45 орманшы күзетеді. Табиғат қорғаушылары 10 мұнара арқылы төңіректегі жағдайды бақылайды. Бүгін сенаторлар орман алқабына барып, елорда айналасын қоршай бой көтерген жасыл белдеудің жай-күйімен танысты. Олар жасыл аумақты қала тұрғындары мен қонақтары үшін негізгі демалыс орындарының біріне айналдыру жоспарын талқылады. Айта кетейік, бүгінде жасыл белдеуде 11,5 миллионнан астам ағаш және 2 миллионға жуық бұта өсіп тұр.

Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қонақтарды демалдыратын әдемі орынға айналдыру үшін үлкен стратегиялық жоспарлар бар. Соны жүзеге асыру бағытында сырттан инвестиция тарту мәселелерін де қолға алу қажеттілігі айтылып жатыр. Бұның барлығын жұмыс барысында алдағы сессияда көтеретін боламыз.

Ардақ Хасенов, «Астана орманы» ЖШС бас агрономы:

- Біздің мемлекетте қолданыста жүрген стандарт бойынша әрбір астаналық адамға 250 шаршы метр. Осындай ағаш отырғызылу керек, көгалдандырылған жер болуы керек. Бүгінгі таңда оның саны жеткіліксіз. Оны біз көбейту үшін бізге жер керек. «Астана бас жоспары» мекемесінен тағы 15 мың га жер беріліп отыр.

«Бірақ ол жердің көп топырағы орман егуге жарамсыз», — дейді Ардақ Хасенов. Осыған байланысты биыл Алматыда Өмірбек Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институты алқапты тыңайтудың 3-4 түрін сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Мелиорациялық сынақтар нәтиже берген жағдайда белгіленген аумақ өндіріске енгізіледі. Кейін орман егу бойынша жаңа жобалар қолға алынады.

Social Link

Follow Me On Social Media