What are you looking for?

Құтқарушылар судағы қауіпсіздікке қатысты ескерту жасады

04.07.2025

Жаз маусымында суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын елемеу адам өміріне үлкен қатер төндіреді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) азаматтарға судағы қарапайым ережелерді қатаң сақтау керектігін ескертіп, түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Құтқарушылар әсіресе балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ТЖМ қызметкерлері белсенді профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр.

Министрліктің айтуынша, су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болу фактілерін болдырмау және азайту мақсатында ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

Social Link

Follow Me On Social Media