Кешенді тестілеудің күні мен орны 14 шілдеде хабарланады.
Магистратураға түсуге арналған емтиханды тапсыру үшін 51 мыңнан астам өтініш қабылданды. Олардың ішінде 21 мыңға жуығы педагогикалық ғылымдарды таңдады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
Кейінгі орындарда Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, Бизнес, басқару және құқық тұр.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, өтініш бергендер даярлау бағытын (бейіндік және ғылыми-педагогикалық) және тестілеу тілін кешенді тестілеу басталғанға дейін жеке кабинетте өзгерте алады.
Ал 14 шілде күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат түсуішінің жеке кабинетінде жарияланады.
Оқи отырыңыз:
Президент үкіметке магистратура мен докторантураға бөлінетін гранттардың құнын көтеруді тапсырды
Магистратураға кешенді тестілеуге өтініш бергендердің үштен бірі педагогиканы таңдаған