What are you looking for?

Ақтөбе облысында саналы ғұмырын табиғатты қорғауға арнаған әулет тұрады

21.07.2025

Отаровтар жанұясы өткен ғасырдың ортасынан Орқаш орманының тұмса табиғатын, жануарлар әлемін сақтауды атадан балаға мирас етіп келеді.

Жүз жасқа таяп дүниеден өткен Ахмет ақсақал ауылдың іргесіндегі тоғайға қарағай көшеттерін ексе, бүгінде бұл игі істі ұлы мен немересі қолға алған.

Бейбарыс Ахмет қараған бұталарын аралап жүр. Орманшылар бір апта бұрын тұқымын теруді бастаған. Жас маман тұқымы пісіп тұрған тал-теректі анықтап, ауыл іргесінде ашылған тәлімбақты қамтамасыз етуі тиіс.

Бейбарыс Ахмет, орманшы:

- Бір жыл болып қалды осы жұмысқа кіргеніме. 2024 жылы оқу бітірдім Оралда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетін. Осы жұмысты әкем істеді, атам істеді, әкемнің ағасы істеді. Ізін қуайын деп түстім осы мамандыққа. Өз ауылымда орман бар. Сол жерде жүрген ұнайды.

Бейбарыстың іріктеп алған тұқымын әкесі Шайдулла Отаров пайдаға жаратып отыр. Биыл ашылған тәлімбақта 3 жарым гектар қарағаш егілген. Көшет өсіріп төңіректі көгалдандыру бұл отбасығы таңсық дүние емес. Бейбарыстың атасы Ахмет ақсақал елге танымал орманшы болған. Өткен ғасырдың орта тұсында осы қарағайлы тоғайды отырғызған. Бұл игі істі ұрпақтары жалғастырып, алуан түрлі көшет егіп орман флорасын түрлендіруді көздейді.

Шайдулла Отаров, орманшы:

- Акацияның тұқымын жинап қойдық. Соны егеміз, бұйырса. 2-3 күндікте дәндері түсіп болды. Одан кейін ясень жинаймыз, клен жинаймыз, жиде жинаймыз. Оларды да биыл егеміз. Ертең егілмеген жерді қайтадан жыртып, барановать етіп осы жерді дайындаймыз. Оларды енді күзде жинаған соң күзде егеміз.

Орман шаруашылығының жалпы аумағы 57 мың гектар. Оның 10 мыңға жуығында қалың тоғай бар. Ерекше қорғауға алынған өсімдігі көп. Бұл тәлімбақ сол қызыл кітап тізіміне енген тал-теректі көбейту үшін ашылды. Мамандарға «Жасыл ел» жасағының сарбаздары қолқабыс етіп жүр.

Айдын Әлиев, "Жасыл ел" жасағының жетекшісі:

- Осы тәлімбақ кіші болса да барлық Қазақстанның аймағына жететін ағаш өседі. Бұл жерде миллиондаған өсімдік бар. Әрқайсысына су тию керек өсуі үшін. Күнде қаралады. күніге 4-5 рет суарылады. Себебі ағаш өсіру өте қиын. Себебі бұл тұқымнан басталады.

Ата жолын қуып орманшы кәсібін игерген Шайдулла Отаров жас қорықшылардың көбейгенін қалайды.

Мансұр Есқожин, Айбек Даутов

Social Link

Follow Me On Social Media