What are you looking for?

ХАМАС пен БҰҰ Израиль билігінің шешімін қатаң сынға алды

10.03.2025

ХАМАС Израильдің Газа секторында жарықты өшіру туралы шешімін қатаң сынға алды.

Палестиналық ұйым мүшелері бұл бопсалау екенін айтады. Кеше еврей елі өңірге электр энергиясының берілуін тоқтатты. Мұнда қуаттың бір бөлігі Израильден келсе, енді бір бөлігі генераторлардың көмегімен өндіріледі. Бірақ олардың жұмысына қажетті жанармайдың өңірге жеткізілмегеніне бір аптадан асты. Себебі еврей елінің әскері Газаға бағытталған барлық гуманитарлық көмектің тасымалына тосқауыл қойып, бақылау-өткізу бекеттерін жауып тастады. Осылайша ХАМАС мүшелеріне қысым жасап, оқ ату тәртібін ұзартуға көндірмекші. Бірақ шешімді БҰҰ-ң өкілдері де қатаң сынға алып отыр. Олар мұны палестиналықтарға қарсы жасалған геноцидке бағалайды. Айтуларынша, электр энергиясыз суды тұщыту қондырғылары жұмыс істемейді. Демек тұрғындар таза тіршілік нәрін тұтына алмайды.

Social Link

Follow Me On Social Media