What are you looking for?

Газа секторына 80 жүк көлігі кірді

28.07.2025

Газа секторына гуманитарлық көмек тиелген 80 жүк көлігі кірді.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік агенттігі хабарлады. Ұйым өкілдерінің айтуынша, енді аймаққа күн сайын жүздеген көлік өтеді. Өйткені Израиль әскері қысқа мерзімге шабуылдауды тоқтатып отыр. Яғни күніне 10 сағат Газаның 3 аймағында оқ атылмайды. Израильдің бұл шешіміне халықаралық қауымдастықтың қысымына ұшырауы себеп болды. Олар халық көп қоныстанған Дейр-эль-Балах, Муваси сынды аймақтарға қажетті гуманитарлық көмек ұлғаятынын мәлімдеді.

Social Link

Follow Me On Social Media