What are you looking for?

Лондонда мамандар өнеркәсіпте көмірқышқыл газын азайтудың жолдарын меңгерді

10.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қазақстандық мамандар Ұлыбританияға барып, зауыттар мен кәсіпорындардан шығатын көмірқышқыл газын азайтудың жолдарымен танысты, жасыл технологияларды пайдаланудың заманауи әдіс-тәсілдерін үйренді.

Ұлыбритания көміртексіз өнеркәсіп жобасына өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап мән берді. Ал қазір осы стратегияны енгізген әлемдегі алғашқы ірі экономика ретінде танылып отыр. Енді осы бай тәжірибесімен бізбен де бөліспек.

Кирри Хендриксен, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі климаттық тобының жетекшісі:

Делегация мүшелері 4 күн бойы экологиялық таза цемент өндірісін, энергия сақтау паркін көрді, сутегі өндіруші кәсіпорнында болып, энергия тиімділігі жоғары ғимараттарды аралады.

Қазақстан – әлемде ең көп энергия пайдаланатын елдердің бірі. Өйткені өнеркәсіптің 50 пайызын өндіруші сектор құрайды. Электр энергиясын өндірудің шамамен 70 пайызы бұрынғыша көмірге тәуелді. Делегация құрамындағы мемлекеттік органдардың, ғылыми және іскерлік ортаның, қаржы институттарының өкілдері сапар барысында көрген-білгеніміз, ойға түйгеніміз көп дейді.

Дина Жанәділ, Қазақстан Даму Банкінің басқарушы директоры:

Жасыл жобаларында қандай озық технологияларын қолданатынын бізге көрсетті. Сонымен қатар оның экономикаға, қоғамға қандай әсер ететіндігімен бөлісті.

Марина Бекенова

Social Link

Follow Me On Social Media