What are you looking for?

Е. Қошанов Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясына қатысты

30.07.2025

Мәжіліс төрағасы Женевада Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясына қатысты, деп хабарлайды 24KZ. Алқалы жиынның бұл жолғы тақырыбы «Алмағайып әлем: баршаға ортақ бейбітшілік, әділет және өркендеу жолындағы парламенттік ынтымақтастық пен көпқырлылық».

Тараптар көпжақты қарым-қатынасты нығайту, бейбітшілік пен тұрақтылықты дамыту үшін парламентаралық іс-әрекетті күшейту мәселелерін көтерді. Ерлан Қошанов жалпы дебатта сөз сөйлеп, екіжақты кездесулер өткізді. Палата жетекшісі биылғы басқосу БҰҰ-ның 80 жылдығы қарсаңында өтіп жатқаны символикалық мәнге ие екенін атап өтті.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Парламентария ретінде бізге әділеттілік, теңдік және инклюзивтік ұстанымдарын ілгерлету ісінде жауапкершілік жүктелген. Бұл ретте Қазақстан Парламенті ел президенті Қ. Тоқаевтың Әділетті Қазақстан – заң үстемдігі негізінде барлығы және әркім үшін тең мүмкіндіктер мемлекетін құру бастамасын іске асыруға белсенді қатысып отыр. Әлеуметтік әділеттілік қағидатын іске асыратын бірқатар заң қабылданды. Ауқымды саяси жаңғыру жүріп жатыр, экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media