Қазақстандағы үшінші АЭС құрылысына Қытай компаниясы тартылуы мүмкін.
Бұл туралы үкіметтегі брифингте вице-премьер Роман Скляр хабарлады. АЭС-тің салынатын орнын атом энергияcы жөніндегі агенттік белгілейді. Ол үшін су және электр қуатының тұрақты көзі қажет. Роман Склярдың айтуынша, тиісті зерттеудің қорытындысы таяу уақытта жарияланып, болашақ станцияның қай өңірде салынатыны белгілі болады. Бұған дейін Алматы облысындағы АЭС жобасының халықаралық кон-сорциумын, "Росатом" басқаратыны жарияланған еді. Елдегі екінші атом станциясының құрылысына қытайлық ((CNNC)) Си Эн-Эн Си компаниясы жетекшілік ететін болды.