What are you looking for?

Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады

05.03.2025

БҰҰ Бас Ассамблеясы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша Аймақтық орталық құру туралы қарарды бір ауыздан қабылдады.

Нью-Йоркте өткен жиында құжатты ұйымға мүше 152 мемлекет қолдады. Бұл бастаманы халықарылық ұйымның 74-сессиясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын. Идеяның үлкен қолдауға ие болуы оның аймақ елдерінен бөлек өзге де мемлекеттер үшін маңыздылығын көрсетеді. Орталық Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматыдағы жаңа халықаралық ұйымдар ғимаратында ашылады. Ол Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты дамуы, өңірлік интеграцияны ілгерілету, экономикалық байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жұмыстарымен айналысады.

Қайрат Омаров, ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Бұл Қазақстан үшін ғана емес, Біріккен ұлттар ұйымы үшін де тарихи оқиға. Мұндай орталық біздің күш салуымызбен жүзеге асқалы жатқан әлемдегі алғашқы әрі бірегей пилоттық жоба. Бұл жерде Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты дамуы, әлеуметтік және экономикалық тұрғыда ілгерілеуі бойынша жұмыстар атқарылады. Біздің өңірге қатысты мәселелер өзге де елдердің мүдделерімен үндес болғандықтан орталыққа жүктелетін міндеттер ауқымды болады деп ойлаймын.

Social Link

Follow Me On Social Media