Диетолог Антон Поляков бір күнде қанша мөлшерде қарбыз жеуге болатынын айтты . Бұл туралы aif.ru жазды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Диетологтың сөзінше, қарбыздың жеуге болатын мөлшері оның сапасына байланысты. Маман қарбыздың құрамында нитриттер мен химиялық заттар болмаса, күніне орта есеппен 400-500 грамм қарбыз жеуге болатынын жеткізді. Бұл мөлшер су құрылымы және фруктозаның құрамын ескере отырып есептелген.
Антон Поляков бір тілім қарбыздың салмағы шамамен 150 грамм екенін, яғни күніне қарбыздың үш-төрт үлкен тілімін жеуге болатынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін дәрігер қарбыздан улану белгілерін атады. Бұл кезде адам құсуы, оның жүрегі айнуы, іші ауруы, іші өтуі мүмкін. Сондай-ақ, әлсіздік және температура көтерілуі секілді улану белгілері байқалады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!