What are you looking for?

«Фаризадан Айжұлдыз мың есе артық»: Әлеуметтік желіде блогерлерді салыстырған жазба қызу талқыға түсті

11.08.2025

Әлеуметтік желіде тараған жазбада автор Айжұлдыздың Фаризадан «мың есе артық» екенін ашық жазып, оның жетістіктерін тізіп шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазба авторының айтуынша, Айжұлдыз — сауатты, курсын сатып көрмеген, тігін тігеді, модельдікпен айналысады, музыкамен шұғылданады, өзін жан-жақты дамытқан. Сондай-ақ, ол шетелде білім алып, бірнеше жоғары оқу орнында оқыған.

«Бір сұхбатында: ‘Былай ақыл айтуға ұяламын’ дегенін естігенмін, бірақ өзі үлгі боларлық нағыз жұлдыздың қызы. Ақты – ақ, қараны – қара деп айта алатын ақылдылығына таң қалғанмын», – деп жазады автор.

Бұл пікір желі қолданушылары арасында қызу талқы туғызды. Бірі Айжұлдыздың ашықтығын, еңбексүйгіштігін және жасөспірімдерге берер үлгісін қолдаса, енді біреулері блогерлерді салыстырудың қажеті жоқ екенін айтты.

Пікірлерден үзінділер:

«Фаризамен Айжұлдыздың подкастарын тыңдап көрсең, Айжұлдыздың қаншалық білімді екенін көресің, сұхбатын тыңдау – ғанибет»;

«Неге екеуін салыстырып жаздыңыз? Екеуі екі бөлек адам ғой»;

«Өз қазағыңа қолдау беріңдерші, әр қыздың өз аудиториясы бар»;

«Фаризаның курсын алатындар, кітапта, интернетте су тегін тұрған нәрселерді сатып алмай-ақ қойыңдар».

Social Link

Follow Me On Social Media