Қызылордада жекеменшік балабақша жүргізушісі мас күйінде бала тасымалдаған, деп хабарлайды 24kz.
Көлік тізгіндеген азамат 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар полицейлер жүргізуші куәлігінен айырылған тағы бір адамның бала тасымалымен айналысқанын анықтады. «Балабақша» жедел профилактикалық шарасы кезінде 305 заң бұзу дерегі тіркелді.
Рауан Әлдешов, ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
-Сонымен қатар балаларды тасымалдау қызметі ұйымдастырылған балабақша басшылығы мен тасымалдаушы көлік құралдарының жай-күйі мен жүргізушілердің тиісті құжаттарына қадағалау жүргізілмей, тиісті келісімшарттар жасалмайтыны іс-шара барысында анықталып отыр. Яғни, осы көрсетілген деректер бойынша облыстық білім басқармасына балабақша басшылығына қатысты қандай да бір заңнамада көзделген жазаларды қарастыру жөнінде ұсыным енгізілді.