What are you looking for?

75 жастағы ұлытаулық қария Атлант мұхитына дейін жаяу жетпек

19.08.2025

75 жастағы ұлытаулық жиһанкез әлемді жаяу аралауға аттанды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Ұлытаулық Сәрсенбай Қотырашов жер шарын жаяу аралаудың төртінші кезеңіне аттанды. 75 жастағы жиһанкез 3 айға созылатын сапарда Болгария, Сербия, Венгрия, Австрия, Германия, Франция мемлекеттерін жүріп өтпек. Жалпы қашықтық — 3200 шақырым. Алыс сапарға бет алған ақсақалды ауылдастары Жезқазғаннан сәттілік тілеп шығарып салды.

Ардагер марафоншы Сәрсенбай Қотырашовтың әлемді бағындыру сапары осыдан үш жыл бұрын басталған. Осыған дейін 14 мың шақырымды еңсерген. 2022 жылы Қазақстанды түгел аралап шықты. 2023 жылы Кавказ арқылы Ыстамбұлға дейін, былтыр Ресейдің Алтай өлкесін, Моңғолия мен Қытайға дейін 3 мың шақырым жаяу жүрген. Ал осы сапарда Еуропаның 6 мемлекетін жүріп өтпек.

"Денсаулығым жақсы. Алланың берген қуатының арқасында келе жатырмын. Қандай қиындық болса да, төзетініме өзім сенемін. Ең әуелі армандай білу керек. Оған мақсат қою керек. Оған жоспар құра білу керек. Менің басты мақсатым – әлемді тану. Қазақ халқы бар екенін әлемге жеткізу. Ұлытауды таныту", — дейді ол.

Ақсақал бұл сапарға да бір өзі аттанбақ. Жалғыз серігі – қоларбасы. Шамамен 20 келі тартатын дорбада жолға ең қажет заттар ғана. Болгариядан бастап Еуропаның батысындағы Атлант мұхитының жағалауына дейін 3200 шақырым. Бұл қашықты ақсақал 3 айда жүріп өтуге тиіс. Күніне шамамен 40 шақырым. Аялдаған жерлерде түрлі кездесулер мен баспасөз мәслихаттарын өткізіп, көшпелі халықтың тарихы мен қазақтың ежелден келе жатқан қымыз мейрамын насихаттайды.

Биылғы сапар сәтті аяқталса, келер жылы АҚШ-тың 8 штатын жаяу аралап өтпек.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media