What are you looking for?

Қазақстанда "Mastercard-пен тамаша футбол" акциясы басталды

11.03.2025

Қазақстанда "Mastercard-пен тамаша футбол" акциясы басталды. Басты сыйлық – UEFA Champions League финалына жолдама. Футбол жанкүйерлері Mastercard картасын дайындап қоюы қажет.

Mastercard бірнеше қазақстандық банкпен бірге "Mastercard-пен тамаша футбол" атты дәстүрлі акцияның басталғанын хабарлайды. Акцияның басты сыйлығы – UEFA Champions League финалдық матчына екі адамға жолдама. Финал 2025 жылдың 31 мамырында Мюнхенде өтеді.

Акцияға қалай қатысуға болады?

Акцияға қатысу үшін 25 ақпан мен 13 сәуір аралығында жалпы сомасы 200 000 теңгеден кем емес сатып алу операциясын жасап, оларды бір электронды әмиян арқылы төлеу қажет. Электронды әмиян Mastercard картасына бекітілуі керек, ол Қазақстанның белгілі 6 банкінің біреуінде шығарылуы тиіс. Электронды әмияндардың және банктердің атаулары акцияның ережелерінде көрсетілген.

Осы аралықтағы әр 200 000 теңгеге жасалған сауда-саттық – ұтып алуға бір мүмкіндік. Яғни, неғұрлым көп сауда жасасаңыз, жеңіске жету мүмкіндігіңіз соғұрлым жоғары болады!

Жанкүйерлер
Фото: Mastercard

Жеңімпаздарды қандай сыйлық күтеді?

Әр банк екі адамға арналған Мюнхенге жолдаманы ұтысқа шығарады, оған UEFA Champions League финалына 2 билет, Мюнхен орталығындағы қонақ үйде 3 түнге және 2 күнге демалыс, трансфер кіреді.

Әр банк сондай-ақ 10 брендтік мерч жиынтығын ұтысқа шығарады.

Акцияның бір серіктес банкі, тек Mastercard World Elite картасы мен Priority пакеті бар қатысушылар үшін арнайы акция ұйымдастырады: олар акция кезеңінде 1 млн теңгеден астам сатып алу операциясын жүзеге асырып, кеңейтілген бағдарлама бойынша жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Жанкүйерлер
Фото: Mastercard

Жеңімпаздар қалай анықталады?

Акцияның шарттарын орындаған қатысушының барлығы ұтысқа қатыса алады. Жеңімпазды анықтау банктердің ұйымдастыруымен кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асады.

Ұтыс ойындары 2025 жылдың 16 сәуірінде өтеді.

Жеңімпаздар анықталғаннан кейін банктердің қызметкерлері олармен байланысып, келесі қадамдар туралы хабарлайды. Мюнхенге жол тартатын жеңімпаздар мен сапарға бірге ілесетін адамдары 18 жастан асқан болуы қажет.

Барлық сыйлық жеңімпаздарға 2025 жылдың 25 мамырына дейін табыс етіледі, ал матч билеттері – финалға бір күн қалғанда беріледі.

Билеттер UEFA Champions League-дің ресми демеушісі Mastercard-тан беріледі.

"Mastercard-пен тамаша футбол" акциясына кімдер қатыса алады?

Акцияға Қазақстанның барлық ересек азаматы және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар (тұру ықтиярхаты) шетелдіктер қатыса алады, оларда 6 банктің біреуінен Mastercard картасы болуға тиіс.

Бұл карта бір электронды әмиянға байлануы керек.

Акцияның ережелерімен толығырақ танысып, серіктес банктердің парақшаларына өтіп, сол жерде карта алмаған қатысушылар үшін Mastercard картасын тез рәсімдеп алуға болады.

Футбол добы
Фото: Mastercard

Mastercard және UEFA: Миллиондаған жанкүйерді біріктіретін серіктестік

Mastercard, UEFA Champions League ресми серіктесі болып 25 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерді футболға деген сүйіспеншілік арқылы біріктіреді. Бұл серіктестіктің мәні тек демеушілікте емес – бұл өмір бойы есте қалатын сәттерді жасау.

Mastercard пен UEFA Champions League серіктестігі – тек футбол алаңдарындағы логотиптер емес, миллиондаған жанкүйерлер үшін ерекше тәжірибе.

Соңғы жылдары Mastercard акцияларының арқасында Қазақстанның көптеген азаматы, UEFA Champions League ірі матчтарын көру мүмкіндігіне ие болды. Олар тарихи сәттердің куәсі болып, футболда аңызға айналған тұлғалармен кездесті және ұмытылмас эмоциялар алды. Бұл дәстүр жалғасын тауып жатыр – биыл да, жанкүйерлер үшін Еуропаның ең беделді клубтық турнирінің финалына бару мүмкіндігі бар.

Әр матч – тарих, әрбір сәт – естелік. Mastercard пен UEFA, жанкүйерлер үшін жаңа мүмкіндіктер жасап, футболды шын мәнінде баға жетпес етуде.

*PR құқығында

Social Link

Follow Me On Social Media